Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру
жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1279 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 25 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар:
1) Шаралар кешенін іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, жыл сайын Шаралар кешенін іске асырудың барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, жыл сайын Шаралар кешенін іске асырудың барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1279 қаулысымен
бекітілген
Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешені
Астана - 2007 жыл
Мазмұны
3. Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясаттың қазіргі жай-күйін талдау
4. Шаралар кешенінің мақсаты және міндеттері
5. Шаралар кешенін дамытудың негізгі бағыттары және оларды іске асыру тетігі
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Шаралар кешенін іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Шаралар кешенін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары